Дені сау бала өсіру

Өркендеуші  болшағы бар салауатты ұрпақ өсіру — ел Үкіметінің сауатты саясаты ғана емес, ол-ата-аналардың, мұғалімдердің, салауатты өмір салтын енгізумен  және  адамның өз денсаулығына жауапты қарауды қалыптастырумен шұғылданатын мамандардың  ең басты мақсаты.

Осы мәселелелерді тиімді шешу мақсатында Павлодар облысының мектепке дейін білім беретін мекемелерінде балалармен, олардың ата-аналарымен денсаулықты қорғау технологияларын ескере, салауатты өмір салтын қолдау орталығымен бірлесіп жасаған  жаңа тәсілдер қолданылады.

Соның бір мысалы: Павлодар қ. №104 бала-бақшасында облыс педагогтары үшін  балалардың өмірінде денсаулықты қорғау әдеттерінің маңыздылығы туралы  білімділіктерін жоғарлату бойынша  өткен семинар-практикумы.

Павлодар және Екібастұздың мектепке дейін білім беретін мекемелердің  дене  тәрбиесі жетекшілері типті білім беру бағдарламасына сәйкес  «Денсаулық»  саласына қатысты жаңа жұмыс түрлерін көрсетіп, ұсынды. Өздерінің көрсетілімдерінде олар өз тәжірибелерімен бөлісті.       Мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс істеу кезінде  дәстүрлі және дәстүрлі емес  сауықтыру тәсілдердің: көз үшін коррекциялық  гимнастика, уқалау( массаж) және өзін өзі уқалау (самомассаж, ) Су — Джок — емі, тыныс алу гимнастикасы,  суда малту сабақтары,  фитнес – аэробика, релаксациялар   денсаулықты қорғау технологияларының құрамында екенін нақтылы мысалдармен дәлелді.

Құрамында салауатты өмір салтын қолдау орталығының,  Пвлодар қ. білім бөлімінің  мамандары, бала-бақшалардың басшылары бар семинар модераторлар қаралған  мәселелердің, ұсынылған  жұмыс тәсілдердің өзекті  соны және уақтылы екенін атап өтті.

Семинардың қортындысы бойынша мамандар топтарға бөлініп,  тәрбиеленуші балалрдың жек дара  және мектепке дейін білім беретін мекемелердің ерекшеліктерін есептей отырып денсаулықты қорғау технологиялары бойынша жұмыс жобасын жасады.