Дүниежүзілік денсаулық күні

Дүниежүзілік денсаулық күні жыл сайын  7 сәіурде  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұйымдастырылған атап өтіледі. 2017 жылығы Дүниежүзілік денсаулық күнінінің ұраны «Депрессия: кел сөйлесейік» («Depression: Let’s talk»).

Депрессия дегеніміз не?         Ол- үнемі уайымға түсіп жүруді және әдетте қанағаттандыратын іс-әрекет түріне қызығушылықты жоғалтуды, сондай-ақ кемінде екі апта бойы күнделікті істерді орындай алмауды сипаттайтын ауру. Депрессиядан зардап шегетін адамдарда келесі белгілер байқалады: қуаттың жетіспеуі, тәбеттің төмендеуі, ұйқышылдық немесе ұйқысыздық, алаңдау, зейіннің төмендеуі, батылсыздық, мазасыздық, өзін мүсәпір, кінәлі немесе шарасыз сезіну, сондай-ақ өзіне зиян келтіру немесе өзіне-өзі қол жұмсау туралы ойлау.

Депрессиядан барлық жастағы адамдар, барлық халық тобы зардап шегеді. Депрессия психикалық зардап әкеліп, адамға күнделікті ең қарапайым міндеттерді орындау қабілетіне де кері әсерін тигізеді және кейде адамның жақындарымен және достарымен өзара қарым-қатынасына да, сонымен қатар адамның өзіне жұмыс істеу қабілетіне де зияны тиюі мүмкін. Ең ауыры депрессия адамның өз-өзіне қол жұмсауына әкеп соғуы мүмкін. Қазір 15-29 жас аралығындағы адамдардың өлім-жітімінің екінші жетекші себебі депрессия болып отыр. ДДҰ-ның бағалауынша депрессиядан әлемде 250 миллион адам зардап шегеді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми статистикалық мәліметтеріне сәйкес 2016 жылы бірінші рет қойылған психикалық және мінез-құлықтың бұзылуының салдарынан болған аурушаңдылық ел бойынша 100 000 халыққа шаққанда 60,8-ді құрады. Динамикалық бақылаудағы психикалық және мінез-құлықтың бұзылуымен ауыратындардың саны 2016 жылдың соңында ел бойынша 100 000 халыққа шаққанда 1092,1-ді болды.

Депрессияның алдын алу бойынша бағдарламалар індетті азайтуға алып келетіні дәлелденген. Жеке қоғам деңгейінде депрессияның алдын алу бойынша жасалатын тиімді тәсілдерге балалар мен жасөспірімдер арасында дұрыс ойлауды оқыту бойынша мектептерге бағытталған бағдарламалар кіреді.

Мінез-құлықтық мәселелері бар балалардың ата-аналарына арналған шаралар олардың ата-аналарының депрессиялық белгілерін азайтуға және балаларының нәтижелерін жақсартуға ықпал етеді. Қарт адамдарға арналған дене жаттығулары бағдарламалары депрессияның алдын алу үшін де тиімді

Барлық денсаулық сақтау мамандарының міндеті депрессиядан зардап шегіп отырған адамдарға қолдау көрсету бойынша барлық мүдделі тараптармен бірлескен жұмысты күшейту болып табылады.

Депрессияның алдын алуға және емдеуге болады! Өзіңіз сенім артқан адаммен әңгімелесу депрессиядан айығудың бірінші қадамы болуы мүмкін.