24 наурыз-Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні

Қ азақстанда Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні 24 наурызда аталып өтеді. Павлодар облысында 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында өткізілетін іс-шаралар осы күнге ұштастырылған.

2016 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан туберкулез жөніндегі ахуалын 2015 жылмен салыстырғанда (140 елдің ішінен 101 орын) өз орнын 9 жайғасымға жақсартып, 138 елдің ішінен 92 орынды иеленді.

Жалпы туберкулез бүкіл қоғамдық денсаулық саласының проблемасы, сондықтан тек жұмыла істеген қимылдар, барлық эпидемиологиялық және клиникалық іс-шаралардың тиімділігін арттырады.

Осы мақсатта барлық медицина ұйымдарында ашық есік күндері, денсаулық мектептері сабақтары, туберкулездің алдын алу мәселелері бойынша кеңес беріумен қатар шаралар өтеді.

Қартарға арналған денсаулық мектептерінде үйлесімді емдәм, тиісті дене белсенділік жүктемесі, зиянды әдеттерден құтылу және туберкулез ауруын ерте анықтау үшін флюорографиялық тексерілудің маңыздылығы туралы айтылады.

Диспансерлік есепте тұратын тұлғалар (созылмалы спецификалық емес өкпе аурулары және қант диабетімен ауыратындар, ішімдікке салынғандар, нашақорлар және т.б.) мінез-құлық қауіп қатер факторлары және олардың туберкулездің дамуына әсері, сондай-ақ жыл сайын міндетті түрде флюорографиялық тексерілуден өту керектігі туралы ақпарат алады.