Көңілді жаздың таңғажайып құпиясы

Павлодарда 1 маусым күні балалық шақтың көңілді және жарқын мейрамы өтті. Облыс орталығында бір мерзімде әр жастағы балалар топтары үшін бірнеше көңіл көтеретін алаңдар жұмыс істеді.

Білім ошақтарының 73 ұйымдары және мекемелері өздері дайындаған оқу орындарының тулары және таңбаларымен қосылған штандарттарымен өткен әдемі Халақаралық балаларды қорғау күніне арналған шеру барлық балаларды біріктірді.

Ертіс өзенінің төменгі жағалауында өткен шығармашылық ұыймдар және музыкалық ансабльдердің мерекелік шеруіне 12мен 16 жас аралығындағы 4,5 мыңнан астам бала қатысты.

Қала тұрғындары мен қонақтары алдында 46 шерушілер легі өтіп, үрмелі, ішекті, қазақ және орыс ұлттық аспаптар ансамбльдері, би, қосылып өлең айту ұыймдарының өнерлері көрсетілді.

Павлодар қаласында тұңғыш өткен «Көңілді жаздың таңғажайып құпиясы» атты қуыршақтар балы балалар мен үлкендерді қуанышқа бөледі. 1500 балаға тәттілер мен шарлар таратылды.

Қалалық мәдени және демалу саябағында аттаркциондар, «Көркемдік шеберхана» атты еркін суретшілер шеберханасы, «Кішкентай ханшайым» атты қыз бүлдіршіндерге арналған әсем салоны қызмет көрсетті, клоундар мен бойлы қуыршақтар балаларды түрлі мүшәйралар мен викториналарға қатысуға шақырды. Саханаларда қалалықтардың есінде ұзақ уақытқа сақталатын жарқын концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.

Көрнекті және әсерлі іс-шаралар балаларымен келген павлодарлықтарды баулап алды. Мерекелік бағдарламаға түрлі ұйымдар ат салысты, соның ішінде салауатты өмір салтын қолдау орталығының мамандары мерекеге келгендерге түрлі аурулардың (сколиоз, көз, жүрек-қантамырлары жүйесінің, жарақаттың) алдын алу, шылым шегудің зияны және дұрыс тамақтану туралы айтты.

Сондай-ақ психикалық денсаулықты сақтау, күйзелістен арылу, қан қысымының көтерілуін болдырмау бойынша тренингтер өткізді. Әрбір ниет білдіруші салауатты өмір салтының негізгі аспектілері бойынша ақпараттық-ағарарту құралдарын-парақшалар және буклеттер алуға мүмкіндік алды.