Абайла, гепатит!

Салауатты өмір салтын қолдау орталығының дәрігері Қ.Сәкенов облыстық наркологиялық диспансердің емделушілеріне гепатит ауруы және оның алдын алу жолдары туралы айтып берді. Ол өз сөзінде Павлодар облысында 22 шілдеден 24 тамыз аралығында Дүниежүзілік вирустық гепатитке қарсы күніне ұштастырылған «Гепатитті жою» ұранымен айлықтың өтіп жатқанын атап өтті.

Кездесуге қатысушыларға қазіргі таңда вирустық гепатит халықаралық деңгейдегі салыстыруға келетін басқа АИТВ, туберкулез және безгек секілді инфекциялық аурулармен қоғамдық денсаулыққа айтарлықтай қауіп тудыруда екеніжөнінде хабардар етті.

Сонымен қатар гепатиттің түрлері, таралу жолдары, жұқтырудан қорғану тәсілдері, медицина көмегіне жүгінбеген кезде осы аурудан мүмкін болатын асқынулар туралы айтты.

Тыңдармандар екпе салғанда, қан құю және ота кезінде, қан өнімдерінің, инъекциялық есірткілерді тұтынушыларға зиянды әсерді төмендету үшін залаласыздандырылған инъекциялық құралдарға қолжетімділік пен есірткіге тәуелділікті емдеудің тиімді әдістері арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, созылмалы С гепатитімен ауыратын тұлғалардың жақсы сіңілетін ішетін жаңа дәрілер және емдеу тәсімдері, мамандырылған мекемелерде медициналық қалдықтарды заласыздандыру тәсілдері туралы мәселелерге қызығушылық танытты.

Кездесу барысында бауыр циррозы және гепатоцеллюляр обырынан болатын өлім- жітімнің төмендеуіне әсерін тигізетін уақтылы екпенің, ауруды ерте анықтау және емнің, салауатты өмір салтын насихаттаудың рөліне аса басымдық берілді.