АИТВ таңдамайды. Біз — таңдаймыз.

АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) жұқпасы ғаламдық қоғамдық денсаулық сақтау саласының ең негізгі проблемасы болуда.
Бүгінгі таңда бұл ауру 35 миллион адамның өмірін қиды. 2016 жылы дүние жүзінде АИТВ байланысты себептерден 1 миллион адам қайтыс болды.
Халықтың осы ауру туралы хабардарлығын арттыру мақсатында салауатты өмір салтын қолдау орталығының маманы Павлодар облыстық наркологиялық диспансердің науқастарына АИТВ жұқпасын жұқтыру және алдын алу, соның ішінде психикалық белсесінділікті арттыратын заттарды қолданудан бас тарту, қауіпсіз және жауапкершілікті әдеттерді қалыптастыру мәселелері бойынша «Қауіпсіздік бағыттары» атты тренинг
өткізді.
Тренинг барысында АИТВ жұққан адамның ағзасындағы түрлі сұйықтарымен қатынаста болған жағдайда адамға АИТВ-тің жұғу қаупінің деңгейі қарастырылды.