№104 балабақшадағы спорттық шара

2017 жылғы 7 желтоқсанда Павлодар қаласының №104 балабақшасында ересек топ балалары үшін ведомствоаралық өзара әрекеттесу шеңберінде салауатты өмір салтын қолдау орталығының мамандарымен бірлескен «Көңілді әткеншек» атты спорттық шара өткізілді.

Спорттық шараның мақсаты мектеп жасына дейінгі балаларға достық қарым-қатынасты, бір-біріне өзара көмек көрсетуді, шапшандылық пен төзімділікті тәрбиелеу арқылы баланың жалпы физикалық дамуын нығайтып, арттыру болды. Спорттық шараға тәрбиешілермен бірге 18 бала қатысты. Шара балаларға қатты ұнады, олар позитивті сергекті қуат алды.