Сізді және жаныңыздағы адамдарды ауыр дерттен қорғау үшін вацина жұмыс істеуде

23-29 сәуір аралығында Республика өңірлерінде  «Сізді және жаныңыздағы адамдарды ауыр дерттен қорғау үшін вацина жұмыс істеуде» ұранымен Европалық иммундау апталығы өтеді.

Тәжірибе көрсеткендей,  қазіргі таңда вакциналау өмірге аса қауіп тудыратын жұқпалардан қорғанудың және оны жоюдың  ең  сенімді  тәсілі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауынша иммундау жылына 2-3 миллион өлім жітімді болдырмауға мүмкіндік береді.

Ұлттық прививка күнтізбесі 21 аса  жұқпалы аурулардан қорғануға кепілдік береді! Әрбір ата-ананың ұраны «Баланың болашағына балта шаппа-вациналаудан өткіз!» болуы керек.

Тағыда еске сала кету керек, елімізде вакциналау халыққа қолжетімді,  адамның тұратын мекен жайына сәйкес бекітілген  емханаларда тегін жүргізіледі.