Вакциналауды қолдаймыз және қарсымыз

Павлодар облысында Европалық иммундау апталығына арналған  іс-шаралар аяқталуға жақын.

Европалық иммундау апталығына арналған  сс-шаралар аяқталған жағдайда  да тұрғындар мекен жайына қарайтын  емханалардың медицина қызметкерлерінен, арнайы мамандардан  вакциналау мәселесі бойынша қай уақытта болмасын ойландыратын сұрақтарға жауаптар немесе кеңестер ала алады.  Ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жыл бойы жүргізіледі.

Салауатты өмір салтын қолдау орталығының дәрігері Қ. Сәкеновтың қатысуымен Павлодар қ. № 35 бала-бақшасында «Біз вакциналауды қолдаймыз!» атты дөңгелек үстел өтті.

Қ. Сәкенов өз сөзінде:  жас ата-аналармен жұмыс істегенде иммундау арқылы аурудың алдын  алу баланың туған кезінен басталатынын назарда ұстау керектігін айтты. Елімізде 21 қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы екпе салудың Ұлттық күнтізбесі бекітілген

Алайда, елімізде, өңірлерде қауіпсіз эпидемиологиялық ахуал қалыптастыру үшін бала санының кемде кем 95%  вакцинамен басқарылатын жұқпаларға қарсы иммундалуы қажет.

Сонымен қатар дөңгелек үстелде  халықтың аурудың алдын алуға бағытталған екпелерден бас тартудың себептері талқыланып, № 35 бала-бақшасында екпеге байланысты болған мысалдар қарастырылды.

Дөңгелек үстелге қатысушылармен «Вакциналауды қолдаймыз және қарсымыз» атты тренинг өткізілді. Тренингке қатысушылардың 12,5% жеке дара өздерінің ұғымдары бойынша вакциналауға қарсы болды.

Салауатты өмір салтын қолдау орталығының дәрігері Қ. Сәкенов «Бұл сіздің балаңыздың өзін қорғауға құқысы» атты бейне ролик көрсетіп, иммундау арқылы аурудың алдын алудың артықшылығын, вакциналаудан бас тартудың қауіпті екенін түсіндірді.