Деннің сау болуы- өте жақсы!

Павлодар облысында 1 шілдеден 31 тамыз аралығында «Денсаулық жолы — 2017» кең ауқымды шара өтті. Ақпараттық науқан дұрыс тамақтану және дене белсенділігін насихаттауға бағытталған.
«Павлодар-2050» қоғамдық қоры Успен ауданында бірнеше шаралардан «Денсаулық жолы» ақпараттық-түсіндірме науқанын өткізді.
Ауданның медицина қызметкерлерімен кездесу кезінде медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісін енгізілуі бойынша «Жол картасының» жүзеге асырылуы туралы ақпараттар айтылды. .
Қазіргі заманда адам денсаулығына сансыз қауіп қатер әсерін тигізуде. Ол- аса жоғарғы жүктемелер, күйзелістер, экологиялық проблемалар және дұрыс тамақтанбау. Бұлардың бәрінің жиынтық факторлары аурулардың таралу мен дамуына мінсіз экологиялық платформа құрады. Сондықтан адам өзінің денсаулығын сақтау мәселесіне аса көңіл бөлуі қажет.
Успенка ауылының тұрғындары арасында өткізілген «Денсаулық жарнамасы» мүшәйрасы асқан тамаш көңіл күй сыйлады. Науқанға қатысушылардың есіне денсаулық дегеніміз тек аурудың жоқтығы ғана емес, денсаулық дегеніміз адамның тәннің, психлогиясының, әлеуметінің толық қанды саулығы екенін түсірді.
Жарнама насихат плакаты, бейне таспа және дене белсенділігі жаттығулары түрінде ұсынылды.
«Ең үздік насихат плакаты» номинациясы бойынша Рожкова отбасы жеңімпаз атанды, «Ең үзік тақырыптық бейне таспаны» А.Скрипник ұсынды, «Ең үздік дене бесенділілігі жаттығуы» номинациясы бойынша жеңімпаз болып В.Гузий танылды. Мүшәйраның белсенді қатысушыларына марапаттар мен сыйлықтар табысталды.
Автобект маңында өткен «Емдеуден, алдын алу оңай» науқаны кезінде Успенка ауылының тұрғындары қан қысымын өлшетіп, салмақ индексін анықтап алуға мүмкіндік алды.
Қан қысымы жоғары болған адамдарға аудан емханасына жолдама берілсе, салмағы артық деген адамдарға мамандар тиімді тамақтану мәселелері бойыша кеңестер берді.
Дене белсенділігін әйгілеу және жастарды спортқа тарту мақсатында «Павлодар-2050» қоғамдық қоры футболдан 2003-2004 жылы туған жасөспірімдер арасында турнир ұйымдастырды. Турнирдің қортындысы бойынша бірінші орынды — Успенканың № 2 ЖОББМ, екінші орынды- Успенканың № 1 ЖОББМ, үшінші орынды -Успенканың № 3 ЖОББМ иеленді.
Төрешілер алқасының шешімі бойынша «Үздік шабуылшы» болып Бегулан Каржаубаев, «Үздік қақпашы» болып Дмитрий Головков және «Үздік қорғаушы» болып Сергей Гречков танылды. Барлық жеңімпаздар және футбол ойнынынан ұмытпас әсер алған жанкүйерлер сыйлықтар алды.