Болашақ есірткісіз-таңдау өзіңде!

26 маусымда Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналысымен күрес күні аталып өтіледі. Қазақстанда осы күнге орайлыстырылған, «Жақсы әдеттер марафоны» Ұлттық бағдарлама бастау алды.

Біздің ел үшін нашақорлық проблемасы аса  алаңдатушылықты тудырады, себебі Қазақстан есірткінің Афганистаннан Россияға және Европаға таралуының транзиттік жолында тұр.

Zakon.kz ақпараттық порталдың мәліметі бойынша тек 2016 жылы елімізде 10 мыңнан аса есірткіге байланысты заң бұзушылықтың жолы кесіліп, 28 тонна есіртке тәркіленді.

Қазіргі таңда Қазақстандағы наркологиялық диспансерлерде есірткіге тәуелді 52 137 адам есепте тұрады, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 9,5% көп.  Бұл мәліметтер 2017 жылдың соңында Қарағандыда ҚР ІІМ есіртке бизнесімен күрес Комитетінің өкілдерінің қатысуымен  өткен республикалық «Білім беру мекемелерінде есірткелік заттарды тұтынушыларды анықтаудың заманауи тәсілдемелері» атты  семинар-жиында айтылды.

Елдегі жағдайды жақын уақыттан бері маскүнемдік, шылымқорлық пен токсикомания көбінесе ата-аналары бейәлеуметтік өмір салтын ұстанатын нашар отбасынан шыққан балаларға зиянын келтіретіні қиындатын отыр. Қазірде жас нашақорлардың саны табыс деңгейі жоғары бай қуатты қоғам отбасынан шыққан жасөспірімдер жеткілікті деңгейде толығып отыр. Әдеттегідей, отбасындағы балаларға жеткіліксіз көңіл аудару мен моральдық-этикалық нормалардың төмендігі жасөспірімдердің қаржылық еркіндігімен үйлеседі. Дәл осы отбасылардан шыққан балалар басты құндылығы өмір салты ретінде нашақорлықпен үйлесімді еркін уақыт өткізу болып табылатын жастардың ерекше қосалқы мәдениетін қалыптастырады.

Нашақорлық адамзаттың тектік қорына әдәуір залалын тигізуде, жастар арасындағы өлім-жітім көрсеткіші көбейді,  отбасылық қарым қатынас, мәдени, ата-баба құндылықтары жойыла бастады.

Есірткі бизнесімен күресуде, есірткі заттарына тәуелділіктің алдын алу мен емдеуде ғылыми дәлелді және тиімді тәсілдерді дамыту Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтың Жолдауларында бірнеше рет аталған. Ел нашақорлық пен есірткі бизнесімен күресу саласында халықаралық жүйелер мен бағдарламаларды құру мен қолдауға, оның ішінде 2017-2022 жылдарға арналған ШСҰ мүше елдердің есірткіге қарсы стратегиясына белсенді қатысуда.

Барлық  деректерді сараптаудың нәтижесіде нашақорлық проблемасын күшпен шешуге болмайтынына көз жетті.

Сондықтан нашақорлық зиянына қарсы  белсенді теке тірес,  нәтижелі алдын алу, соның ішінде ерте жастан бастап психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға тұрақты жағымсыз көзқарас қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстануға ұмтылдыру. Оны жүзеге асыру мемлекеттің ғана емес, бүкіл қоғамның мақсаты.