Жүрегіңді қорға!

Осы атаумен Дүиежүзілік жүрек Күні аясында салауатты өмір салтын қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Квазар» сауда үйінде кең ауқымды Шара өтті. Шараға қоғамдық денсаулықты қорғау демпартаментінің мамандары мен Палодар қаласының №1 емхананың дәрігерлері қатысты.

Атап өтсек Шара тек сауда үйіне келушілерді ғана қызықтырмады, салмағын, бойын, қан қысымын өлшетіп, Шараға сауда үйінің қызметкелеріде қатысты.

Барлық ниет білдірушілерге Кетле бойынша салмақтарын өлшеп, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, қан қысымының көтерілуін алдын алу, жүрек қағысының жиілеуі және тағы басқа жүрек-қан айналымы жүйесі аурулары мәселелері бойынша кеңестер, инсульттің алғашқы белгілері туралы хабарлама берді.

Сонымен қатар 1 қазаннан тұмау және жіті респираторлы вирусты жұқпаның алдын алу бойынша өтетін айлық аясында тұмау және жіті респираторлы вирусты жұқпаның алдын алу туралы кеңес алуға мүмкіндік болды.

Шара аясында көкей тесті тақырыпқа сай 300 жуық ақпараттық-ағарту парақшалары және буклеттер және соншама маскалар таратылды.