Жүрегіңізді қорғаңыз

Қазақстан Республикасының өңірлерінде 20-29 қыркүйек аралығында Дүниежүзілік жүрек күніне-29 қыркүйек, орйластырылған қанайналымы жүйесінің ауруларының алдын алу бойынша онкүндік өткізіледі.
Біздің облысымызда ақпараттық-түсіндірме науқаны аясында жұртты қанайналымы жүйесі ауруларынан туатын мәселелердің өзектілігіне және қанайналымы жүйесі ауруларының алдын ала отырып мәселелерді шешуге бірлескен күшті жұмылдыруға, жауапкершіліктерін арттыруға, қанайналымы жүйесі ауруларын ерте анықтау мен оның асқынуының алдын алуға скринингтік тексеруден уақытында өту қажеттілігі және өз денсаулығына ортақ жауапкершілігін арттыру туралы ақпараттандыруға бағытталған бірнеше іс-шаралар өтеді.
Осы мақсатта оку орындарында студенттер мен оқушылар арасында және басқа мүдделі тараптардың қатысуларымен қанайналымы жүйесі ауруларының, мінез-құлықтық қауіпті факторлардың алдын алу (темекіден, ішімдікті шамадан тыс тұтынудан бас тарту, дұрыс тамақтану мен дене белсенділігі қағидаларын сақтау) және биологиялық қауіпті факторлардың алдын алу мәселелері бойынша семинар–тренингтер, конференциялар, дөңгелек үстелдер өтеді.
Педагогтардың қатысуларымен түрлі акциялар өткізіліп, қанайналымы жүйесі ауруларының алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және денсаулықты нығайту, халыққа салауатты тамақтану дағдыларын қалыптастыру туралы ақпараттық-ағарту құралдары таратылады.
Салауатты өмір салтынының артықшылығы және аурудың алын алу бойынша қаралу мен скрингтен өтпеген жағдайда болатын әсерлері туралы жергілікті БАҚ сөйлеп, басылымдарда мақалалар жарияланып, ұйымдарда баспасөз коферециялар және семинарлар өткізіледі.
Медициналық санитарлық алғашқы көмек ұйымдарда кардиолог, эндокринолог, ЖПД, невропатолог, психолог және әлеуметтік қызметкерлерді тарту арқылы әрі қарай Денсаулық мектептерінде қауіпті факторларды түзеу арқылы жеке бастық қауіпті анықтау үшін артериялық қан қысымын өлшеу, қан құрамындағы қант пен холестерин деңгейін, физикалық параметрлерді, дене салмағы индексін анықтау арқылы Ашық есік күндерін өткізу.
28 қыркүйек сағат 15.00-те«Квазар» СҮ Салауатты өмір салтын қолдау орталығы емхананың медицина қызметкерлерінің қатысуымен «Жүрегіңді қорға» атты акция өткізеді. Акция барысында қан қысымы өлшеніп, салмақ индексі анықталады, жеке дара кеңестер беріліп, салауатты өмір салтының негізгі аспектілері және дұрыс тамақтану туралы ақпараттық- ағарту құралдары таратылады.
Сонымен қатар, Салауатты өмір салтын қолдау орталығының бастамасымен 29 қыркүйек сағат 19.00-да облыстық «Казахстан-Павлодар» телеарнасында мемлекеттік тілде «Денсаулык жолы» хабары эфирге шығады. Хабар жүрек-қантамырлар жүйесі ауруларын алдын алу, емдеу және осы мәселелер бойынша Павлодар облысында атқарылып жатқан жұмыс тәсілдеріне арналған.