Психикалық денсаулықсыз денсаулық жоқ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні 1992 жылғы 10 қазаннан бастап өткізілуде.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша жер бетінде психикалық ауруымен 450 миллионнан астам адам ауырады.

Мамандардың болжамы бойынша 2020 жылға таман барлық аурулар арасында психикалық бұзулармен шалдыққандар саны дүниежүзінде бесінші орынға ие болады.

Ақпараттық-түсіндірме науқаны аясында салауатты өмір салтын қолдау орталығының дәрігерлері Павлодар қ. №26 жалпыға орта білім беру мектебінде «Психикалық денсаулықсыз денсаулық жоқ» ұранымен акция өткізді.

Психикалық аурулардың өсуіне шамадан артық ақпараттану, саяси және экономикалық катаклизмдер сияқты факторлар әсер етеді деген ақпарат айтылды, психикалық аурулардың алғашқы хабаршысы күйзеліс (стресс) болып табылады.

Қазіргі таңда стресске ерекше көңіл бөлінуде, себебі стресс адамның заманауи өмірінің бір бөлігі болуда. Адамдар стресспен күресуде, бірақ керісінше онмен күреспей стрессті болдырмауға тырысу керектігіне мән бермейді.

Тренинг арқылы жоғарғы сынып оқушыларын позитивті ойлануға, бір біріне тілектестік қатынаста болуға, пайда болған проблемаларын жеке дара шешпей туған және жақындарымен бөлісуге бағыттады.

Мектептің салауатты өмір салты үгіттеу бригадасы конференцзалға жиналған оқушылар мен мұғалімдерге өздерінің өмірге деген белсендігін және оптимистік көңіл күйін айқындайтын көрсетілімді флешмоб ұйымдастырды.

Залдағы көрермендер заманауи әуендердің ритіміне сәйкес белсенді түрде қол соқты, сонан соң «100 игі тілектер» тренингісіне қатысты, онда тренингке қатысушылар жүрек тәрізді кішкентай қағазшаға бір біріне игі тілектерін жазып, салауатты өмір салтын қолдау орталығының мамандары дайындаған плакатқа тілектері жазылған қағазшаларды жапсырды.

Қортынды шығару кезінде мамандар, балалардың назарын психикалық денсаулық дегеніміз адамның жайлы көңіл күйі кезінде барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып өмірде болатын стресске қарсы тұрып, тиімді еңбек ете қоғамдастыққа үлес қосу екеніне ерекше аударды.

Осы позитивті тұрғыда психикалық денсаулық адамның жайлы көңіл күйінің және қоғамдастықтың тиімді қызмет етуінің негізі болып табылады.