Қауіпсіздік және денсаулық

Павлодар қ. №4 емханасында облыстың медицина мекемелерінің салауатты өмір салтын үйлестірушілері үшін салауатты өмір салтын қолдау орталығының мамандары ұйымдастырған облыстық семинар өтті.

Семинар барысында осы күндері Қазақстанда «Гепатитті жою» ұранымен вирустық гепатиттің алдын алу айлығы аясында іс-шаралар өткізіліп жатқаны туралы атап өтілді. Сондықтан семинардың біраз мәселелері жоғарыда атап өткен күнге, сонымен қатар біздің өңірде 1-7 тамыз аралығында өткізілетін ана сүтімен тамақтандыру Ұлттық апталығына арналды. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының эпидемиологы Г.Құлманамбетова гепатиттің белгілі түрлері және олардан негізгі алдын алу жолдары туралы айтып берді. Г.Құлманамбетова уақтылы екпенің және медициналық тексерістің, халықпен алдын алу жұмыстарының, әсіресе денсаулық мектептері сабақтары аясындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтті

Салауатты өмір салтын қолдау орталығының дәрігері Б. Сүйеукенов 2017 жылғы 1 жарты жылдықта скринингтік бағдарламаның жүзеге асырылуы жөнінде хабарлама берді. Ол ауыл өңірлерінің тұрғындарымен жұмыс тиімділігін арттырудың қажеттілігін атап өтті.

№4 емхананың психологы өткізген «Қауіпсіздік» атты тренингісі гепатиттің алдын алу мәселелеріне арналды.

Сонан соң семинар тыңдармандары ана сүтімен тамақтандыру мәселелерін талқылауға белсенді қатысты. Осы тақырып бойынша облыстық перенаталды орталықтың СӨС үйлестірушісі Т. Наскенова сөз айтып, перинаталды орталықтың науқастары-босанған әйелдермен өткізілетін жұмыстың тәжірибесімен бөлісті. Ол табиғи тамақтану-ана сүтімен тамақтанудың эндометриоз, мастопатия, сүт безі обыры т.б. аурулардың алдын алуда орасан маңызы бар екенін атап өтті.