МӘМС жүйесінде сіз өзіңіздің мәртебеңізді анықтадыңыз ба?

2017 жылғы 30 маусымға дейін еліміздің барлық тұрғындары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өзінің мәртебесін анықтауы қажет. Соған байланысты сақтандыруды кім төлейтіні анықталады: мемлекет, жұмыс беруші, әлде өздігінен.

Егер де адамда сақтандыру болмаса жедел медициналық көмектен басқа жоспарлы түрінде медициналық көмек көрсетілмейді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі Қазақстанда 2018 жылдың 1 қаңтарынын енгізіледі. Қазір таңда еліміздің тұрғындарына жаңа жүйенің қалай жүзеге асатыны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстанда 2017 жылғы 5 сәуірден 30 маусым аралығында «МӘМС жүйесінде сіз өзіңіздің мәртебеңізді анықтаңыз!» атты тұрғындардың емханаларға бекітілу науқаны бастау алды.

Әрбір азамат өзінің шынымен емханаға бекітілгенін анықтау үшін кез келген емхананың колл-орталығының телефонына звондай алады.

Қазір ең маңыздысы өзіңіздің мәртебеңізді анықтап алу: жалдамалы жұмысшысыз ба, жекеменшік кәсіпкерсіз бе, зейнеткерсіз бе, студентсіз бе және т.б. Әрбір адам өзінің халықтың қандай санатына жататынын түсіну қажет.

Егер сіз жекеменшік кәсіпкер болсаңыз, сіз салық төлеушілерге жүгінуіңіз қажет, олар жарнаны қалай дұрыс төлеу керектігін айтып береді.

Егер сіз жұмыссыз болсаңыз, онда қалалық, аудандық, облыстық жұмыс беру орталықтарында сізге қалай тіркелу және мәртебе алу жөнінде түсінік береді.

Егер адам жұмыс істейтін болса, онда 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап ол үшін сақтандыру жарнасын жұмыс беруші төлейді, ал 2018 жылдың басынан бастап жарнаға қосымша өз төлемі қосылады.

Тағы да назарларыңызды аударғымыз келетіні, жұмыссыз адам міндетті түрде жұмыс беру орталықтарында тіркеуге тұру қажет. Тек сонда ғана оның сақтандыруын мемлекет төлейді.

2017 жылғы 1 маусымнан бастап төлеушілер болып жекеменшік кәсіпкер саналады. Олардың қатарына азаматтық-құқықтық еңбек келісм шарты бойынша еңбек етушілер жатады, мысалы нотариустер, меншікті сот орындаушылар, адвокаттар. Олар ең төменгі екі айлық жалақының 5% мөлшерінде жарна төлейді. Ендігі жылы ол сома айына 2828 теңгені құрайды.

Өзін–өзі жұмыспен қамтыған халық мәселесі алаңдатушылық тудыруда.

Бұл санатқа заңды кәсіпкерлікпен айналыспайтын, жеке өз бетінше үй шаруашылығымен немесе ресми тіркелмеген жұмыстармен айналысатын тұлғалар жатады. Бұларға тағы ауылшаруашылық кооперативтері және шаруа қожалықтары мүшелері, үй шаруасындағы әйелдер жатады. Белсенді емес тұлғалар медициналық сақтандыруды өздері төлейді-ең төменгі бір айлық жалақының 5% мөлшерінде, 2018 жылы төлем 1414 теңге жобасында болады.

Полисті еліміздің әрбір азаматы алуға тиіс. 14 санат бойынша жеңілдік берілгендерге сақтандыруды мемлекет төлейді Олар: 18 жасқа дейінгі балалар, зейнеткерлер, мүгедектер, ҰОС қатысқандар, «Күміс алқамен» марапатталған көп балалы аналар, «Алтын алқамен» марапатталған батыр аналар, 1 және 2 дәрежелі ана даңқы медалінің иегерлері, ресми тіркеуде тұратын жұмыссыздар, сырттай оқитын студенттер.

Бұл тізімге кәмілет жасына келгенше мүгедек балаларды күтушілер, бір жасқа дейінгі балалармен отырған аналар, оралмандар, қамау орындары және тергеу изоляторындағылар енгізілуі мүмкін.