Вакцинациялаудың өзекті мәселелері

Павлодардың №44 бала- бақшасында Павлодар қаласының мектепке дейін білім беру мекемелерінің әдістемешілеріне арналып өткізілген семинарда вакцинациялаудың өзекті мәселелері қаралды.

Салауатты өмір салтын қолдау орталығының мамаманы А.Тұрарова вакцинациялаудың өзекті мәселелері бойынша денсаулық сақтау және білім беру басқармалары арасындағы ведомствоаралық әректтестік, Ұлттық бағдарлама аясында салауатты өмір салтын қалыптасыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру туралы ақпаратты айтты. Сонымен қатар №44 бала-бақшаның әдістемешісі М.Дильмухаметова өздерінің мекемесінде қолданылатын денсаулық қорғау технологиялары туралы айтты.

Семинарға қатысушылар кішкентай бүлдіршіндермен өткізілген «допты алып жүру» сабағына қатысып, № 44 бала-бақшаның дене шынықтыру нұсқаушылары өткізген жалпы даму жаттығуларын тамашалады.

Қоғамдық денсаулықты қорғау демартаментінің жұқпалы және паразиттік ауруларын эпидемиологиялық бақылау бөілімінің маманы Е.Сухоносенко Дүниежүзіндегі және Қазақстандағы жұқпалы аурулар бойынша ахуалды таныстырды. Ол Ұлттық екпе күнтізбесіне енген жұқпалы аурулардың таралу жолдары туралы, Павлодар облысы бойынша уақтылы иммундаудан бас тартудың салдарынан болған нақты оқиғаларды айтты.

Салауатты өмір салтын қолдау орталығының психологы К.Байғожина семинарға қатысушыларға жауапты істі шешуде әрбір адам жауапкершілікті өзіне ала білу керектігі бойынша тренинг өткізді.

Ата-аналарды иммундау мәселелері бойынша ақпараттындырудың деңгейін арттыратын тәсілдер қарастырылды. Осыған ұқсас семинар аудандағы мектепке дейін білім беру мекемелерінің әдістемешілеріне де өткізілді

.