Жас ұрпақ денсаулықты таңдайды

Салауатты өмір салтын қолдау орталығы Павлодар облысының жалпы орта білім беретін мектептердің 1-4 сынып оқушылары арасында  салауатты өмір салтының негізгі аспектілері бойынша «Жас ұрпақ денсаулықты таңдайды»  атты сурет сайысын өткізді.

Павлодар облысының қалалар  мен аудандардың 14 мектебінен сайысқа 68  сурет  ұсынылды.  Сайысқа ұсынылған суреттердің қызықты, сайыстың ережесі қойған шартарға  сай болғанын, салауатты өмір салтының негізгі аспектілері туралы түсініктерін бірегей,   шығармашылық тұрғыда көрсете білгендерін  айта кету керек.

Сайысқа қатысушылар өздерінің суреттерінде төменгі сынып  оқушыларын алаңдататын проблемаларды көрсетті.  Ол проблемалар: энергетикалық сусындарды, чипсилерді тұтыну, күн тәртібін  дұрыс ұстанбау, сонымен қатар, тамақтану мәдениеті, пайдалы және пайдалы емес тағамдар,  дұрыс және зиянды әдеттер.

Құрамында СӨСҚО мамандары бар қазылар алқасы  суреттердің тақырыпқа сәйкестігін, бірегейлігін, сурет авторының ерекше пікірін, яғни суретке  түсініктеменің бары сияқты өлшемшарттарды есепке алды.

Жақсы суреттердің қатары: 1 орынға Шарбақты ауданының №3  мектебінің оқушысы  Алдияр Теміртасов ие болды. 2 орынды Ертіс ауданының  Ұзынсу мектебінің түлегі  Ксения Высоцкая иеленді. 3 орынға Ертіс ауданының  Ұзынсу мектебінің оқушысы Аида Молдабекова ие болды.

Сайыста көп ұпай жинаған Илья Высоцкийдің  және Виктор Григорьевтің суреттері ерекше аталды.

Даниил Фидищенконың, Гульмира Егимбаеваның, Назар Мусагитовтың, Тагир Гагиевтің, Давид Тоницкийдің, Анастасия Мухачеваның, Аяулым Алтаеваның, Снежана Светличнаяның және  Валентина Зайцеваның суреттері назардан тыс қалмай, аталып өтілді.

Жоғарыда аталып өткен,  сайысқа қатысушылардың  суреттері салауатты өмір салтын қолдау орталығының сайтына (zozh-pvl.kz) орналастырылды.